ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов қазақстандық дипломаттардың Қытайда басынан кешкен қызықты жайтты еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов қазақстандық дипломаттардың Қытайда басынан кешкен қызықты жайтты еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"90 жылдар басында Қытайдағы Қазақстан елшісі болып Мұрат Әуезов тағайындалған. Елшілікті ашу бойынша жұмыс басталды, осыған байланысты ыңғайлы ғимарат тауып, көліктер мен тағы басқа көптеген заттар сатып алу керек еді. Сол кезде біздің елшіміз протокол бойынша барлық қажеттіліктер сақталуы шарт алғашқы ресми шараға бару керек болды. Осы сәтте негізгі көлікте ту орнатылмағаны анықталады, ал тәуелсіз елдің елшісіне тусыз бару әдепке жатпайтын", - деп жазады Жайнақов, қызметтестері айтып берген оқиғаны еске ала отырып.
"Дегенмен, жұмысынан жан аямайтын дипломаттар амал табады. Қыс кезі еді, суық болатын, осыған қарамастан елшімен бірге барған елшілік қызметкері жолаушының алдыңғы орнына отырып, еліміздің туын терезеден шығарып алып, жеткенше ұстап барды. Мұны көрген қытайлықтар қатты таңданған екен", - деп жазды ҚР СІМ баспасөз хатшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында.