Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

"Аңыз адам" редакторы президент сайлауына қатысуды ұйғарды

12 Наурыз 2015, 16:40
0
Жарылқап Қалыбай. ©civ-def.org
Жарылқап Қалыбай. ©civ-def.org

"Аңыз адам" және "Жұлдыздар отбасы" журналдарының редакторы Жарылқап Қалыбай кезектен тыс президент сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстан президенттігіне ниет білдірген 22-адам болды. Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 55 жастағы Жарылқап Қалыбай 12 наурыз күні өтініш берді. 

Еске салайық, 2014 жылдың сәуір айында "Аңыз адам" журналының төңірегінде дау туған еді, басылым Адольф Гитлердің 125 жылдығына арналған нөмір шығарды. Мақалаларда авторлар Гитлерді өз халқының құқығы үшін күрескен пәрменді тұлға етіп сипаттады. Журналдың бұл нөмірі қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды. Ардагерлер ұйымдарының өкілдері жарияланымдар Гитлерді мадақтайды деп мәлімдеп, басылымды жабуды талап етті.

Кейін "Аңыз адамның" атышулы нөмірі тәркіленді. Бұған қоса, Жарылқап Қалыбайға 15 АЕК (27 780 теңге) көлемінде, журнал редакциясына 70 АЕК (129 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сот басылым редакторын ардагерлерге 13 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді. 

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері 9 кандидатты тіркеуге алудан бас тартылғанын хабарлаған еді: екеуі тиісті жасқа жетпегендіктен, жетеуі лингвистика комиссиясы емтиханын тапсыра алмады. 4 адам емтиханнан өтті, талаптарға сәйкестігі тексерілді, оларға қол қою парақтары берілді. Сайлау науқанының келесі кезеңіне Қанат Тұрагелдиев, Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева және кандидаттыққа ҚКХП атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықовтар өтті.

Бұған қоса, 12 наурызда Орталық сайлау комиссиясына уақытша жұмыссыз Мұрат Телібеков, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, "Экологиялық тұрақтылық" бірлестігінің төрағасы Серік Мұқаш, зейнеткер Амантай Асылбек және уақытша жұмыссыз Айгүл Өтепова өтініш берді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай