12 ақпан 2019 | 09:53

Аңызға айналған "қара майор" қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Юрий Беккер © Юрий Беккер

Ауған соғысының ең танымал ардагері, арнайы мақсаттағы 177-жасақ командирі, Қазақстан Қарулы Күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Боевое братство" ардагерлер одағының басшысы Сергей Пашевич растады.


Иконка комментария блок соц сети

Ауған соғысының ең танымал ардагері, арнайы мақсаттағы 177-жасақ командирі, Қазақстан Қарулы Күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Боевое братство" ардагерлер одағының басшысы Сергей Пашевич растады.

12 ақпанда таңертең "Қара майордың" қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 8:50-де өмірден өткен. 

Таяуда Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевқа ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталіне барған еді. Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстаған болатын. 

"Әскерде нашар сарбаз жоқ, "косячный" офицер ғана болады" - Аңызға айналған "қара майор"

Борис Керімбаев - 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Прудки ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Ташкенттегі Ленин атындағы жоғары қолбасшылық училищесіне түсіп, оны аяқтаған соң 1970 жылы Германиядағы кеңестік әскер тобына жіберіледі. 1973 жылы барлау ротасының командирі болады. 1977 жылы штаб басшысының орынбасары, ал кейінірек Теміртаудағы 52 857 әскери бөліміндегі мотоатқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 1980 жылы Эфиопияға аттанады. Ал 1981 жылы (ГРУ-ға қарасты) 22 (АЖБО) негізіндегі 177 бөлек арнайы жасағының командирі болып тағайындалады. Керімбаевтың тағдырына әсер еткен дәл осы тағайындау еді. 

Керімбаев басшылық еткен сарбаздар азиялықтардан (қазақ, қырғыз, өзбек және тәжіктерден) құралғандықтан "мұсылман" батальоны атанып кеткен. 

1989 жылы жасақ Ауғанстаннан ақырғы болып шықты. 

Борис Керімбаев басшылық еткен 177-ші жасақ сапында генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев сияқты болашақ қорғаныс министрлері де болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети