27 наурыз 2016 | 22:13

Апат жағдайында қонған ұшақтың екінші пилотының атасы Дінмұхамед Қонаевтың жеке ұшқышы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вадим Смеречанский © Facebook Вадим Смеречанский © Facebook

Bek Air әуе компаниясының Астана әуежайында бүгін апат жағдайында қонған "Фоккер-100" ұшағының екінші пилоты Вадим Смеречанский оқиға жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылордадан ұшып шыққан ұшақ алдыңғы шассисіз қонған еді.


Иконка комментария блок соц сети

Bek Air әуе компаниясының Астана әуежайында бүгін апат жағдайында қонған "Фоккер-100" ұшағының екінші пилоты Вадим Смеречанский оқиға жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылордадан ұшып шыққан ұшақ алдыңғы шассисіз қонған еді.

Смеречанский қону кезінде уайымдауға да уақыттың болмағанын, эмоцияның ұшақ жерге қонғанда ғана тулап қоя бергенін айтты.

"Біз қонғалы жатқан кезде шассидің ашылмағанын ескертетін дабыл қосылды. Содан біз шассисіз қонуға бел будық. (...) Біз әр жарты жыл сайын дайындықтан өтеміз, бейстандарт процедураларды өткереміз, сондықтан біз дайын болдық. Бірақ оқиға шын мәнінде өз өміріңде болып жатқанда бәрі басқаша. Мен мұндай жағдайға бірінші рет тап болдым. Өзіме келетін болсам, оқиға кезінде уайымдауға уақытым болмады, себебі ұшақ ұшып бара жатты, жылдам шешім қабылдауға тура келді. Уайым ұшақ жерге қонғанда басталды. Бірақ бұл уайым барлығының тірі әрі аман-есен болуына қатысты қуаныш болды", - деді пилот.

Ол бұл әуе компаниясында 2014 жылдан бері жұмыс істейтінін, азаматтық авиация академясын бітірген 2009 жылдан бастап ұшып жүргенін айтты. Смеречанскийдің айтуынша, ол авиацияны кәсіп еткен жанұяда дүниеге келген, оның атасы Дінмұхамед Қонаевтың жеке пилоты болған екен. 

"Бізде жанұя династиясы, атам - ұшқыш, әкем пилот, мен де үшінші ұрпақпын. (...) Бала кезімде атаммен бірге ұшатынмын, бірақ әкеммен көп ұштым, қарап, үйреніп, авиациялық жанұяда өстім, әңгімеміз тек ұшақ жайында болатын. Бірінші сыныптан бастап пилот болуды армандадым", - деді ол.

Осыған дейін Bek Air әуе компаниясының "Фоккер-100" ұшағының командирі Дмитрий Родин шассиі жоқ ұшақты қалай қондырғаны жайлы айтып берген болатын. 

Еске сала кетейік, бүгін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағы Астана әуежайында апатты жағдайда қонған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты. Сонымен қатар, командир мен екінші пилот үкіметтік сыйлыққа ұсынылады екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети