29 қаңтар 2020 | 16:28

Апатқа ұшыраған Bek Air әуе кемесінің екінші ұшқышы туралы әріптестері айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әуе апатынан зардап шегіп, Алматыдағы өз үйінде қайтыс болған Мейіржан Молдақұлов туралы Bek Air әуекомпаниясының бортсерігі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әуе апатынан зардап шегіп, Алматыдағы өз үйінде қайтыс болған Мейіржан Молдақұлов туралы Bek Air әуекомпаниясының бортсерігі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, ол соңғы 3 жылда Молдақұловпен бір командада жұмыс істеген. Экипаж Қазақстан қалаларында (Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтау) ұшатын болған. 

"Ол өте жақсы адам еді, көңілді әрі мейірімді адам еді, әзілқойлығы да бар болатын. Кеңестер беріп тұратын. Артық кеткен тұстары болған емес, экипажға қатысты барлық ережелерді қатаң ұстанатын. Ол еш уақытта денсаулығына шағымданған емес. Позитив адам болатын. Екі жасар қызын қатты жақсы көретін. Қызы туралы жиі айтатын, сондай "тәтті қыз" деп отыратын. Отбасын жақсы көретін, туыстарының студент балаларына қаржылай көмектесіп тұратын", - дейді Меруерт. 

Соңғы рет олар Алматы - Атырау - Алматы бағытында ұшқан екен. 

"Нақты қай күн екенін білмеймін. Шамамен желтоқсанның ортасы болатын. Сол кезде ол менен былай сұрады: "Кішкентай қыз, қалың қалай, отбасың, балаларың?" Мен де оның қал-жағдайын сұрадым. Ол "барлығы жақсы" деп жауап берді", - дейді әйел. 

Әуе апаты болған күні, 27 желтоқсанда Меруерт Нұр-Сұлтаннан Алматыға келген. 

"Шамамен таңғы 5:30 болатын. Сосын мен үйге келдім де ұйықтап қалдым. 10:30-да туыстарым қоңырау шалып, оятты да апат жайлы айтып берді. Әріптестерімді ауруханадан көре алмадым. Мен тек командирді ақтық сапарға шығарып салу кезінде қоштасу рәсіміне қатыстым", - дейді стюардесса. 

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы 28 қаңтарда қайтыс болды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ер адам екі сағат бұрын үйінде қайтыс болған. Ауруханадан таяуда шығарылған. Алайда мән-жайы айтылмай отыр. 

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының өліміне қатысты пікір білдірді. 

Ал 5 қаңтарда екінші пилоттың ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны хабарланған.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде үйге соғылған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан жалпы 13 адам қаза тапты. Оның ішінде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза тапқан. Ал екінші пилоттың аты-жөні Мейіржан Молдақұлов. Ол 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети