Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы Серік Ахметовтің ісі бойынша шығынды өтеу шешімін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы Серік Ахметовтің ісі бойынша шығынды өтеу шешімін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Серік Ахметов және атышулы жемқорлық ісі бойынша басқа да фигуранттар мемлекетке 151 миллион теңге материалдық шығын өтеуі керек болатын. Сот шешімімен іс алғашқы инстанцияда қайта қаралады.
Апелляция кезінде бұрынғы премьер-министрдің шағымымен қаатр, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды әкімінің орынбасары Мұхтар Адамбеков және ТКШ бөлімінің басшысы Айдос Жәкеновтың шағымдары да қаралды.
"Апелляциялық алқа аталған істі қарады. Бүгін Қазыбек би ауданының №2 сотының шешімі жойылды. Іс қайта қаралады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері.