07 қараша 2017 | 13:28

"Апострофтар өзгеруі мүмкін" - Cарапшы латын әліпбиі жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев жаңа әліпби апробациядан өткен соң қалай өзгеруі мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев жаңа әліпби апробациядан өткен соң қалай өзгеруі мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азат Шәуеевтің айтуынша, латын әліпбиіне кезең-кезеңмен өтеміз.

"Білім және ғылым министрі айтып өткендей, еліміздегі білім беру мекемелерінің барлығында апробация жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша біздің ғалымдар мен тіл мамандары орфографиялық және орфоэпиялық ережелерді құрастыратын болады. Апострофтар өзгеруі мүмкін. Бұл әліпби бекітілді болды деген сөз емес. Апробация қорытындысы бойынша біздегі тоғыз әріпті қолдануға ыңғайлы болатындай етіп өзгерте аламыз", - деді Азат Шәуеев.

Маман бұл талқылауда қоғамның пікірі ескерілетінін айтып өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры жаңа әліпбиді қолдануға арналған қосымшаны ойластырып жатқандарын айтты.

"Қазіргі уақытта біз қордын атынан смартфондарға арналған жаңа мобильді қосымшаны ойластырып жатырмыз. Жақында кірісеміз. Мысалы, сіз мәтінді кириллицада терсеңіз, жаңа қосымшада ол латын тілінде шығады. Біз үкіметтік ұйым емеспіз, мемлекетке қатысымыз жоқ. Біз тек мемлекеттік органдарға көмектесеміз", - деді Азат Шәуеев.

Еске салайық, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети