Apple, Google және iHerb Қазақстанға миллиардтаған ақша төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple, Google және iHerb Қазақстанға миллиардтаған ақша төледі Фото:depositphotos.com / ezthaiphoto

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті үш жыл ішінде "Google салығы" Қазақстан бюджетіне қанша табыс әкелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті үш жыл ішінде "Google салығы" Қазақстан бюджетіне қанша табыс әкелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, үш жылдың ішінде шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 58 миллиард теңгеден аса қаржы төлеген. 2022 жылы түсімдердің жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге, 2023 жылы - 24 миллиард теңгеге тең болған. Ал биылғы 9 айда бюджетке 23 миллиард теңге салық аударылған.

Ең көп салық iHerb денсаулыққа арналған тауарларды сату бойынша маркетплейстен түседі (11 миллиард теңге). Екінші орында Apple (9 миллиард теңгеден астам) тұр. Google үш жыл ішінде 9,3 миллиард теңге төлеген.

МКК түсімдер өсе беретінін, ал міндетті төлемдерден ешкім кетпеуі үшін ведомствода жазалау шарасын енгізу ұсынылғанын атап өтті.

"Жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Бұл салық заңнамасын орындамайтын салық төлеушілерге қатысты. Интернет-ресурстарға шектеу қойылады, яғни жеке тұлға салық төлемейтін салық төлеушілер сайтына кіре алмайды", - деп хабарлады Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында МКК цифрлық активтер басқармасының басшысы Талғат Әділов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети