Apple Қытайдан кетеді: Қазақстанда iPhone құрастырылуы мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple Қытайдан кетеді: Қазақстанда iPhone құрастырылуы мүмкін бе? Фото:depositphotos.com

Apple компаниясы өндірісті Қытайдан басқа елдерге көшірмек. Енді iPhone Қазақстанда жасалуы мүмкін бе? Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple компаниясы өндірісті Қытайдан басқа елдерге көшірмек. Енді iPhone Қазақстанда жасалуы мүмкін бе? Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қандай жағдай болды?

Сәуірде АҚШ-тың Apple компаниясы iPhone өндірісін Қытайдан Вьетнам мен Үндістанға көшіретіні туралы ақпарат тарады. Бұл шешім АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы күшеюіне байланысты қабылданған.

СІМ өкілі не дейді?

Бүгін Сенат дәлізінде министрдің орынбасары Әлібек Қуантыровтан "Қазақстан iPhone өндірісін Қытайдан біздің елге көшіру үшін өз алаңын ұсынды ма?" деп сұралды. Оның айтуынша, Қазақстан мұндай ынтымақтастыққа ашық.

"Геосаяси жағдай қандай болғанына қарамастан бұған әрқашан ашықпыз, бірақ инвесторлар нарықты өздері таңдайды. Мысалы жақында премьер-министр Pepsi компаниясының өкілдерімен кездесті. Олар: "айтылған 160 миллион доллардан 2,5 есе көп инвестиция салуды жоспарлап отырмыз және өндірісті үш есеге ұлғайтамыз" деді", - дейді Қуантыров.

Айта кетейік, былтыр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Apple компаниясымен елімізде ресми өкілдік ашу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети