15 тамыз 2022 15:49

"Апталап тұрады". Шымкент тұрғындары арнайы ХҚКО-дағы кезекке шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шымкент тұрғындары арнайы ХҚКО алдында түнеп жүр. Тұрғындардың айтуынша, көлік жүргізу бойынша тәжірибелік емтихан тапсыру ұзақ уақытты алады, - деп хабарлайды OTYRAR сілтеме жасап.


Шымкент тұрғындары арнайы ХҚКО алдында түнеп жүр. Тұрғындардың айтуынша, көлік жүргізу бойынша тәжірибелік емтихан тапсыру ұзақ уақытты алады, - деп хабарлайды OTYRAR сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, адамдар апталап кезекке тұрып, арнайы ХҚКО аумағында түнеуге мәжбүр. Кезекті күзетшілер тіркейді, онлайн-брондау мәселесі жоқ. Әлеуметтік желілерде ұзын  сонар кезектің видеолары жарияланып жатыр.

"1414 нөміріне хабарлассаң, олар авто ХҚКО-ға жатпайтынын айтады. Кезекте тұрғанда тапсырыс бердім дегендер болды, бірақ оларды күзетшілер және кезекте тұрғындар кіргізбейді. Өйткені түнгі сағат 12-де бәрі күзетшінің журналына жазылады. Адамдар онда апталап тұрады және ешкімді өткізбейді. Бірер күннен кейін ол жақтағылар шарасыздықтан құтыратын шығар", - дейді Шымкент тұрғыны.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәліметінше, қала тұрғындарының ағыны тәжірибелік емтихан тапсыруға арналған көліктердің жетіспеушілігі және мамандандырылған ХҚКО ғимаратындағы ішінара жөндеу жұмыстарына байланысты.

"Бұл арнайы ХҚКО-да ғимаратқа ішінара жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан, бұл ХҚКО-да тек тәжірибелік емтихан қабылданып, дайын құжаттары жұмыс күндері беріледі. Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видео жексенбіде, яғни арнайы ХҚКО жұмыстан тыс уақытта түсірілген. Шымкенттегі арнайы ХҚКО жұмыс күндері ғана ашық. Азаматтардың көп ағынын ескере отырып, арнайы ХҚКО жұмыс кестелері қайта қаралып, қазіргі уақытта олар сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, С1 санаты бойынша емтихан тапсыру үшін қосымша көлік бөлінді", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі өкілдері.

№1 арнайы ХҚКО-ға Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл Түркістан облысының тұрғындарының жүгінуі жағдайды қиындатып отыр, бұл жалпы үш миллионға жуық адам. Бір арнайы ХҚКО орташа өткізу қабілеті күніне шамамен 200 клиент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети