Аптап болады: ТЖМ ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аптап болады: ТЖМ ескерту жасады Фото: Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері қатты ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері қатты ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

24 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады, облыстың батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

24-25 шілдеде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 шілдеде күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 шілдеде күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25-27 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 44 градус қатты ыстық күтіледі.

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ, ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек. Аптапта кез келген физикалық белсенділіктен бас тартыңыз, күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз, күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) киіңіз.

"Ыстық ауа райында балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыз. Сонымен қатар, азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері - халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети