30 маусым 2014 | 14:42

Аптап дәрігерге қаралушылар санының артуына себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматыда ыстықтың салдарынан жедел жәрдем қызметіне 15 мыңнан астам өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Александр Лазаревке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ыстықтың салдарынан жедел жәрдем қызметіне 15 мыңнан астам өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Александр Лазаревке сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, аптап алматылықтардың дәрігерге көп көрінуіне себеп болған. "Алматыда ыстық кезінде барлық созылмалы аурулар асқынып кетеді. Олар - артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы сияқты ауру түрлері, ыстық кезінде ағза ширығып тұрады, мұндайда ағза сұйықты, ылғалды көп қажет етеді", - дейді Лазарев.

16-22 маусым аралығында жедел жәрдемге 15 061 шақыру келіп түскен. 23-29 маусым аралығында - 15 522. "Көрсеткіштің арту қаупі бар", - дейді дәрігер. Өткен аптада жүректің ишемиялық ауруына қатысты 311 шағым түссе, артериялық гипертензия бойынша жедел жәрдем 1267 рет көмек көрсетті. Ыстық ауа райы инфаркт (43 жағдай), ми қанайналымының бұзылуы (115 жағдай) ауруларының асқынуына да себеп болып отыр. "Алматы жедел жәрдем қызметі" маусымның 29-ынан 30-ына қараған күнгі бір тәулік ішінде тұрғындардан 2300-ден астам шақыру алған. Мамыр айында бір тәулік ішінде түсетін шақырулардың саны 1700 шамасында болған.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети