20 маусымда Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды: елдің оңтүстігінде аптап болады, ал солтүстігінде күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
20 маусымда Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды: елдің оңтүстігінде аптап болады, ал солтүстігінде күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 35-38 градусқа дейін ыстық болады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метр, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді, шаңды дауыл болады.
20 маусымда Түркістан облысында және Шымкентте шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан секундына 15-20 метрге дейін соғады, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
20 маусымда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 18 метрге жетеді. Кей жерлерде 40 градус ыстық болады.
Ақтауда 38 градус ыстық болады.
Сонымен қатар, СҚО мен Ақмола облысының кей жерлерінде ауа температурасы екі градусқа дейін суытады. Ақмола облысында да тұман түсуі мүмкін.
ШҚО-да күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Кей жерлерде найзағай, дауыл соғып, бұршақ жауады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 25 метр жылдамдықпен соғады.
Өскемен мен Семейде күн күркіреп, шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 18 метрге дейін жел соғады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!