Аптап және жаңбыр: Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аптап және жаңбыр: Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді Фото:depositphotos.com

Қазгидромет 18-20 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 18-20 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

18 маусымда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз қатты ыстық болады – +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.

19 маусымда да құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз сәл салқындап, +26…+28 болады.

20 маусымда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +23…+25.

Алматыдағы ауа райы болжамы

18 маусымда Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз қатты ыстық – +34…+36 градус.

19 маусымда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз одан да ыстық – +37…+39.

20 маусым – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +24…+26, күндіз +29…+31.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 491.89  course up  585.31  course up  6.38  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети