Аптап және жаңбыр: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аптап және жаңбыр: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

3 шілде, бейсенбіде Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі. Елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін, ал оңтүстікте аптап сақталады – +43 градусқа дейін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 шілде, бейсенбіде Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі. Елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін, ал оңтүстікте аптап сақталады – +43 градусқа дейін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет деректеріне сілтеме жасап.

Астана – құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан түнде 3–8, күндіз 9–14, екпіні 15–18 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +33…+35.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +34…+36.

Шымкент – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +38…+40.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +26…+28.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +28…+30.

Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 3–8, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +35…+37.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 1–6 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +30…+32.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +35…+37.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30.

Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +41…+43.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +31…+33.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +25…+27.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 1–6, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +29…+31.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с, екпіні 14 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +35…+37.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +38…+40.

Түркістан – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +40…+42.

Орал – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 18 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +25…+27.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел түнде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 1–6, күндіз 5–10 м/с, екпіні 15–18 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +26…+28.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети