12 шілде 2023 | 09:33

Аптап және құмды дауыл: 12 шілдедегі ауа райы болжамы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазгидромет 12 шілдеде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 12 шілдеде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр екпінмен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 37-39 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 37-39 градус жылы.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 31 градус жылы.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, күндіз 28-33 градус жылы.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 31-36, облыстың батысында 28 градус жылы.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, оңтүстігінде, шығысында 26, күндіз 27-32 градус жылы, облыстың оңтүстігінде, шығысында 38 градус аптап.

Күндіз батыста, Қостанай облысының солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың шығысында 20, күндіз 34-39, облыстың оңтүстігінде 42 градус жылы болады.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз облыс орталығында құмды дауыл соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз солтүстікте, облыс орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-27 градус жылы, күндіз 37-42 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 45 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аймақтарында 15 градус жылы, күндіз 35-40 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 30 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети