29 шілде 2023 | 09:22

Аптап: Қазақстанның барлық өңірінде ескерту жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 29 шілдеде облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35 градус сақталады. 29 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 29 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 29 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 29 шілдеде облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 29 шілдеде облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. 29 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз батысында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 29 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. 29-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел тұрады, күші 15-20 м/с. 29-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте 29-31 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 29-31 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 31 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 29-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 29 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с байқалады. 29 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 29 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 29 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-41 градус қатты ыстық сақталады. 29 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 29 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети