Ақмола облысының бұрынғы әкімі вице-министр болды

Ақмола облысының бұрынғы әкімі вице-министр болды Қосман Айтмұхаметов. ©Тengrinews.kz

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Қосман Айтмұхаметов ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы Қазақстан Республикасының өңірлік даму вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қосман Айтмұхаметов 1963 жылдың 29 тамызында Целиноград облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1983 жылы облыстың "Изобильный" кеңшарынан бастаған. 2009 жылдың наурызынан 2013 жылдың қаңтарына дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың мамырына дейін Ақмола облысының әкімі болды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 27 мамыр күні Ақмола облысының әкімі болып Сергей Кулагин тағайындалған еді.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама