Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Сергей Кулагин Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды

27 Мамыр 2014, 19:57
0
Ақмола облысына Сергей Кулагин әкім болып тағайындалды. ©tengrinews.kz
Ақмола облысына Сергей Кулагин әкім болып тағайындалды. ©tengrinews.kz
Қосман Айтмұхаметов Ақмола облысында 2013 жылдың қаңтар айынан бері әкім болды. ©akmo.kz
Қосман Айтмұхаметов Ақмола облысында 2013 жылдың қаңтар айынан бері әкім болды. ©akmo.kz

Ақмола облысының әкімі ауысты. Облыстың жаңа әкімі болып, Қазақстан Парламентінің бұрынғы сенаторы Сергей Кулагин бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кулагин Ақмола облысына 2013 жылдың қаңтар айынан бері әкім болған Қосман Айтмұхаметовті алмастырды. Бұған дейін ол елордадағы "Астана Горкоммунхоз" АҚ басқармасының төрағасы болған.

Сергей Кулагин бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметінде болып Ауыл шаруашылығы министрі лауазымын қоса атқарған (1993 жылдың маусым айынан 1994 жылдың маусымына дейін). 1994 жылға қараша айында "Интеграция - Целина" халықаралық қорының президенті болып тағайындалған. 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақмола облысының әкімі болды. 2004 жылдың наурызынан бастап, 2012 жылдың қаңтар айына дейін – Қостанай облысының әкімі. 2012 жылы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Сенатының депутаты болып тағайындалды. 2013 жылғы 3 қыркүйектен бері – Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кадрлық ауыс-түйіс Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде болды. Облыстың жаңа әкімі болып Ерік Сұлтанов тағайындалды. Бұған дейін ол "ҚТЖ" АҚ вице-президенті қызметін атқарып, одан кейін "ҚазАвтоЖол" АҚ басқармасының төрағалығына тағайындалған. Қазақстанның Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешендер құрылысы комитетінің төрағасы, "Қазақ жолқұрылысы" ЖШС-нің директоры, сондай-ақ Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай