Қазақстанда 180-ге жуық талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 180-ге жуық талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды Фото: instagram.com/testcenterkz

Негізгі ҰБТ-2026 басталғалы бері 92 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті. Талапкерлердің 71 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде, ал 164 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ҰБТ-ның аралық нәтижесі

Министрлік мәліметінше, талапкерлердің 65 пайызы шекті балл жинады. Тестілеу қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 63 балл болды. Қазіргі уақытта ең жоғары нәтиже 138 балға жетті.

Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 235 талапкер қатысты.

Тестілеу кезіндегі ереже бұзушылықтар

Ереже бұзғаны үшін 178 адамның нәтижесі жойылды.

Оның ішінде 103 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеді.

Емтихан кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 75 адам шығарылды.

Бөгде тұлғалардың қатысу жағдайлары анықталған жоқ.

ҰБТ қашан аяқталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, 240 мыңға жуық талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда тестілеуге қатысуға 446 мыңнан астам өтініш берген.

TengriEdu