Ақмолалықтар күн энергиясын қолданатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмолалықтар күн энергиясын қолданатын болды Сурет joule-watt.com сайтынан

Энергияны үнемдеу және оның баламалы көздерін табу бүгінгі таңда барлық әлем елдері үшін аса өзекті мәселе болып отырғаны рас. Степногорск қаласында өткен энергияны үнемдеу технологияларын қолданысқа енгізу жөніндегі аймақтық семинарда осы мәселе тағы бір мәрте талқыға салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тіпті, 2017 жылы елімізде өтетін EXPO-2017 көрмесінің де осы тақырыпқа арналуы осы саланың маңыздылығын арттыра түсетіндей. «Қазақстан Республикасында тиімді энергиялық жарықтандыру қозғалысы» мен БҰҰ Жаһандық Экологиялық Қор Шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен өткен семинарда күн энергиясын қолдану арқылы жылу мен жарықты тиімді пайдалану жайы сарапқа салынды. Шара барысында қоғамдық ұйым өкілдері мен сарапшылар аталған технологияны қолдануда жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында, мамандар күн батареялары мен энергия үнемдеуші станоктардың жұмысымен танысып, аталған технологияларды тұрғын үйлердің подъезіне орналастыру жайын талқыға салды. Жаңа жобаға Көкшетау, Степногорск, Аршалы және Шортанды аудандарының қала және ауыл тұрғындары қатысатын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети