Ақорда Назарбаевтың балық аулаған сәті бейнеленген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Назарбаевтың балық аулаған сәті бейнеленген видеоны жариялады Нұрсұлтан Назарбаев балық аулап алды. ©Instagram/akordapress

Ақорда бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балық аулаған сәті бейнеленген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев видеода орташа көлемді бір балық аулап алады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай 2010 жылы болған. Видео сипаттамасында "Президенттің бейне мұрағатынан: Ойықтан балық аулау, 2010 ж.", - делінген. 

Жарты сағат ішінде видеоға 1300 лайк жинады. Айта кетейік, Instagram әлеуметтік желісіндегі @akordapress парақшасына шамамен 57 мың адам жазылған.  Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан Президенті бейнеленген суреттер мен видеоларды жиі жариялап отырады.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің баспасөз қызметі осыған дейін Назарбаевтың көлік жүргізіп келе жатқан сәті бейнеленген видеоны жария еткен болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети