Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушы кезінен естелік суреттер жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушы кезінен естелік суреттер жариялады Нұрсұлтан Назарбаев мектеп кездегі досымен бірге. © Personal.akorda..kz

Facebook әлеуметтік желідегі AkordaBaspasoz парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушы кезінен естелік суреттер жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook әлеуметтік желідегі AkordaBaspasoz парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушы кезінен естелік суреттер жариялады.

"Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, жасөспірімдер алтын ұясымен қоштасып жатыр. Осыған орай, алпыс жылға жуық уақыт бұрынғы кезеңге ойша шегініс жасап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқушы кезінен естелік - 1958 жылғы фотосуретті ұсынып отырмыз", - делінген хабарламада.


© Facebook.com/AkordaBaspasoz 

Сонымен қатар, оқушы Нұрсұлтан туралы оның ұстазы мен сыныптастары өз ойларын бөлісті:

"Ол кезде бүкіл оқу процесі, сыныптан тыс жұмыстардың бәрі оқу ісінің меңгерушісіне жүктелетін. Өзіме қиын болғандықтан, маған пионер ұйымы мен комсомол ұйымының мүшелері көмектесетін. Ал ол ұйымдарды өзін тыңдата алатын, айтқанын орындата алатын шәкірт басқаратын. Сондай шәкірт Нұрсұлтан Әбішұлы болды", - деді Назарбаевтың ұстазы Сейітхан Исаев.

"Емтихан кезінде Нұрсұлтаннан көшірдік. Жасыратын несі бар? Бізде ол кезде барлық сабақтардан емтихан болатын. Сол кезде көмектесетін. Өзім шығара алмаған есепті, Нұрекең шығарса, неге көшірмеймін? Көшіремін!", - деп ойын бөлісті Мемлекет басшысының сыныптасы Кеңес Байбосынов.

"Демалыс күндері би кештерінен қалмайтынбыз. Нұрсұлтан тамаша билейтін. Ол кезде кім жақсы оқиды, қыздар соған қарай жүгіретін еді ғой. Ал Нұрекең мектепті "алтын медальмен" бітіремін деп, сабақтан бас алмай отыратын. Оқуға зерек, баян, домбыра тартатын Нұрсұлтан Назарбаевқа қыздардың көбі ғашық болды", - деді тағы бір сыныптасы Сайлаубек Қыдырәлиев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети