Ақордада халықаралық кеңес мүшелері Украина мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақордада халықаралық кеңес мүшелері Украина мәселесін талқылады Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Австрия Республикасының экс-федералдық канцлері Альфред Гузенбауэрмен, Польшаның экс-президенті Александр Квасьневскиймен және Еуропалық комиссияның экс-төрағасы әрі Италия премьер-министрі Романо Продимен бірге Украинадағы ахуалды талқылады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Әңгімелесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай жөнінде пікір алмасылды", - делінген хабарламада. Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен өткен кездесуде Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі іске асырудың негізгі бағыттары, республиканың халықаралық бастамаларын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындық жайы талқыланды. Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы және Қазақстан үшін маңызды өзге де өзекті мәселелер талқыланатын мұндай кездесулерді тұрақты өткізіп тұрудың маңыздылығын атап өтті. Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі мүдделі тараптарды Украинадағы ахуалды реттеуде ешқандай күш қолданбауға шақырған болатын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Украина Парламенті де Ресейді Украинаға әскер кіргізбеуге шақырып, мәлімдеме жасады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети