АҚШ елшісі Назарбаевпен кездесуді асыға күтіп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ елшісі Назарбаевпен кездесуді асыға күтіп жүр Джордж Крол. ©twitter.com

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Джордж Крол Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Джордж Крол Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

"Елші Джордж Крол АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі ретінде ант беруге 2015 жылдың 8 қаңтарында келтірілген. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыру салтанатын асыға күтіп жүр", - делінген таратылған хабарламада. 

Бұған дейін Крол бірнеше жыл бойы АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарды. Ол - дипломатия қызметінің кеңесші-елші деңгейіндегі жоғарғы буынының білікті дипломаты. Бүгінге дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша бюросында Мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары міндетін атқарды. 

Джордж Крол дипломатиялық қызметке 1982 жылы кірісті, 2003-2006 жылдары АҚШ-тың Беларусьтегі елшісі болды. АҚШ-тың Варшава, Нью-Дели, Мәскеу, Киев, Минск қалаларындағы елшіліктерінде, Санкт-Петербургтегі бас консулдығында қызмет етті, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ресей істері жөніндегі бюросында директор және елшінің жаңа тәуелсіз мемлекеттер бойынша айрықша тапсырмалар жөніндегі аға кеңесшісі болды. 

Бұған қоса, жаңа елші бұрын Американың ұлттық әскери колледжінде оқытушы болған, өлшеусіз еңбегі үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірнеше жоғарғы құрметті марапатын иеленген. Ол - АҚШ-тың Гарвард және Ұлыбританияның Оксфорд университеттерінің түлегі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети