АҚШ-та "қашып кеткен" қазақстандық дәрігер Нұрбол Данияров үйіне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та "қашып кеткен" қазақстандық дәрігер Нұрбол Данияров үйіне оралды Нұрбол Данияров. Әлеуметтік желілерден алынған сурет

АҚШ-та "қашып кеткен" дәрігер Нұрбол Данияров Алматыға үйіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 жастағы Нұрбол Данияров 24 наурызда жұмысқа шыққанын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та "қашып кеткен" дәрігер Нұрбол Данияров Алматыға үйіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 жастағы Нұрбол Данияров 24 наурызда жұмысқа шыққанын айтты.

"Менде АҚШ-та қалу деген ешқандай мақсат болған жоқ. Еңбек демалысында болдым. Жоспарлағандай-ақ, қайтып келдім. Бірақ өндірістік қажеттілікке байланысты жұмысқа ертерек шақырды. Жұмысқа 24 наурызда шықтым", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне.

Нұрбол Данияров Алматыдағы перзентханалардың бірінде туу алдындағы диагностиканың дәрігері болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, қазақстандық дәрігер оның әлеуметтік желілерде АҚШ-та "қашып кетуіне" қатысты мәліметті жоққа шығаруға дайындалып жатқанын айтып өтті. 

"Қазіргі уақытта біз заңгермен менің ар-намысымды қорғау жайлы ақылдасып жатырмыз. Әріптестерім мені жақсы біледі, олар менің "қашып кеткім келгені" жайлы мәліметке сенбейді. Ешкім сенбейді. Аурухана басшылығы тарапынан да маған ешқандай сөздер айтылған жоқ", - деді Данияров.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ-та жоғалған қазақстандық дәрігер "қашып кетуінің" себебін айтып берген болатын. "Мен қашқан жоқпын, мен ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін. АҚШ-қа келе салысымен барлық ақшаны атқарушы директорға бердім. Біз тіпті ол компаниямен еңбек шартына отырмағанбыз. Олардың маған деген қарым-қатынасы мүле ұнамады. Осында келгенге дейін басқа дүние, ал келген соң басқа дүниелер айтылды. Сенбеңіздер, мен ешкімді алдаған жоқпын, елімді, Отанымды алдаған жоқпын", - деген еді Данияров.

Ал кейінірек дәрігердің Қазақстанға наурыздан қалмай оралатыны жайлы хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети