Ақтау тұрғыны көне қорымды табуға көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғыны көне қорымды табуға көмектесті Фото livejournal.com сайтынан алынды

Жергілікті тұрғын археологтарға Ақтау қаласы маңындағы қорымнан көне жәдігерді табуға көмектесті, деп хабарлайды Lada.kz. Құнды зат біздің эрамызға дейінгі V-VII ғасырға тиесілі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жергілікті тұрғын археологтарға Ақтау қаласы маңындағы қорымнан көне жәдігерді табуға көмектесті, деп хабарлайды Lada.kz. Құнды зат біздің эрамызға дейінгі V-VII ғасырға тиесілі.

Фанис Ахмадуллин әуесқой-археолог болып табылады. Ол қала маңындағы Алтынқазған алқабын қазып жатып, күміспен безендірілген алтын ертоқымды тауып алған. Мамандар мұндай көне жәдігер ғұн тайпасына тиесілі болуы мүмкін деген қорытындыға келіп отыр. Жергілікті археолог Андрей Астафьев айтуынша, табылған бір ғана ертоқымның өзі жалпы Еуразия археологиясы үшін ең құнды жәдігер болып табылады.

"Бұл ертоқым әруақтарға немесе құдайға арнап жасалған сыйлық та болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз Алтынқазған алқабында металдан жасалған бұдан да басқа  заттардың бар болуы мүмкіндігін көрсетіп отыр. Бұл жерді қазу барысында сыйлық ретінде дайындалған басқа да әшекей заттар табылды. Атап айтқанда, қазба жұмыстары жүрген жерден әйелдерге арналған  жылтыр алтын белдемше де табылған. Сараптама қорытындысы табылған бір ғана көне жәдігердің өзі бұл заттардың біздің эрамызға дейінгі V ғасырға тиесілі екенін көрсетіп отыр", - деді Астафьев.

Архелогтар Ақтау маңындағы қорымнан дабыл қаққыш, жебе тұмсығы мен айна ілдірігін тауып отыр. "Мәселе бұл кешенді кім жасағаны ашық күйінде қалуда. Ал бұл сайып келгенде көшпенділердің Маңғыстау өлкесі үшін зор байлықты тастап кеткендігін көрсетеді. Бірінші болжам бойынша, ғұндар тайпасының бір бөлігі бұл жерге келіп, өздерінің өркениетін жайған болуы мүмкін делінсе, ал екінші болжамда бұл жерлерде аландардың да мекен етуі мүмкіндігін көрсетеді", - дейді археологтар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети