Ақтауда балаға қол көтерген дәрігердің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда балаға қол көтерген дәрігердің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде тіс дәрігерінің кішкентай пациентке дөрекілік көрсеткен видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды инАктау.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде тіс дәрігерінің кішкентай пациентке дөрекілік көрсеткен видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды инАктау.

Оқиға 1 қарашада Ақтау қаласының 1-ші шағын ауданында облыстық стоматологиялық орталықта болған. 

Кадрларда екі баласы бар ана тіс дәрігеріне келеді. Алдымен әйел стоматологиялық креслоға баламен бірге отыруға тырысады, бірақ кейін оны қалдырып, кабинеттен шығып кетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТАУ | МАНГЫСТАУ ???? (@aqtau_live)

Бала анасы шыққаннан кейін мазасыздана бастайды, бұл тіс дәрігерін ашуландырады. Ол пациентін көтеріп алып, жұлқылап креслоға күшпен жатқызады. Баланы тыныштандыра алмаған дәрігер кейін қолына қандай да бір затты алып, қорқыта бастайды. Осы уақыт аралығында тіс дәрігеріне екі әйел көмектеседі. Баланы бәрібір де қарай алмаған ер адам кейін оны қолына алып кабинеттен шығып кетеді.

Жақындарының сөзіне қарағанда, жылап қалған бала сол бетте анасына не болғанын әңгімелеп берген. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер жәбірленушінің анасы сол күні полицияға арыз жазғанын айтты.

"Өтініш ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Тексеру жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі. Кей мәліметтер бойынша, баланың БЦП диагнозы бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети