Ақтөбе агломерациясы 1,3 млн адамнан аспайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе агломерациясы 1,3 млн адамнан аспайтын болады Ақтөбе қаласы ©skyscrapercity.com

Ақтөбе агломерациясы 1,3 млн адамнан аспайтын халықты сыйғыза алады деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Болжам бойынша Ақтөбе агломерациясының демографиялық сыйымдылығы 1,3 млн адамды құрайды. Бұл - қажеттіліктері аумақ ресурстарының есебінен қамтамасыз етілетін тұрғындар санының ең жоғарғы шегі", - делінген министрліктің хабарламасында. Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласын еліміздің қазіргі заманғы урбанистік орталықтарының алғашқыларының бірі ретінде атап өткен болатын. Ол Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен бірге агломерациялық ірілену орталығы ретінде дамымақ. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Ақтөбе агломерациясын дамытудың 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары жасалып, жаңа аумақтардың ықпал ету аймақтары анықталды. Бұл агломерацияға 427 мың тұрғыны бар Ақтөбе қаласы мен оған іргелес бес ауылдық округ, Алға, Хромтау, Қандыағаш қалалары мен облыстың бес ауданының 541 мың тұрғыны бар бірнеше елді мекені кіреді. Министрліктің мәліметінше, Ақтөбе агломерациясы бірнеше бағыт бойынша дамиды. "Бұл - аумақтық құрылысты жетілдіру, экономикалық жайғастыру, инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді түрде дамыту, аумақтарды экологиялық сауықтыру және басқалар", - деп атап көрсетті ведомство өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети