Ақтөбе облысында 37 жастағы әйел тұңғыш рет жеке куәлік алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 37 жастағы әйел тұңғыш рет жеке куәлік алды Фото "Диапазон" газетінен

Ақтөбе облысында 37 жастағы келіншек өмірінде тұңғыш рет жеке куәлікке қол жеткізді, - деп жазады "Диапазон".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 37 жастағы келіншек өмірінде тұңғыш рет жеке куәлікке қол жеткізді, - деп жазады "Диапазон".

Темір ауданында тұратын Анжела Юн - үш баланың анасы, кішісі - бір жаста, естиярлары мектепте оқиды. Осы кезге дейін Анжеланың ешқандай құжаты болмаған, сол себепті ол балаларының туу туралы куәлігін де, оларға тиесілі жәрдемақыны да ала алмады. Ол ауырып қалған кезде ауруханаға да жата алмаған, емшектегі сәбиін де дәрігерлер Сәбилер үйінің емдеу бөлімшесіне жатқыза алмай қиналды.

Анжела балалар үйінде өскен. Оның мәселесіне ақпарат құралдары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және корей диаспорасы араласқаннан кейін ғана әйелге жеке куәлік беріліп отыр. Енді Анжела Юн балаларына туу туралы куәлік алып, жәрдемақы мен өзінің мүгедектігін рәсімдейтін болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети