Ақтөбе облысында бірде-бір шұңқыры жоқ жол миллиондаған ақшаға қайта жөнделген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында бірде-бір шұңқыры жоқ жол миллиондаған ақшаға қайта жөнделген © facebook.com/veterkz

Бір де бір шұңқыры жоқ асфальтты бүлдірген олардың әрекетін көлік жүргізушілерінің бірі таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір де бір шұңқыры жоқ асфальтты бүлдірген олардың әрекетін көлік жүргізушілерінің бірі таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық дәлізінің Ақтөбе облысына қарасты қырық шақырымындағы асфальтты қопарып тастапты. Жұрт ойығы жоқ жаңа жолдың кімге кедергі келтіргеніне түсінбей отыр. Әлеуметтік желіге бейнероликті жариялаған азамат Алексей Алексеев те бұл жөндеу жұмысын шенеуніктердің ақша жымқыру әрекетіне балайды. Ал, қырып тасталған жолды қайта жамауға республикалық қазынадан бақандай жеті жүз миллион теңге бөлінген. "Қазавтожол" компаниясындағылар әдеттегідей ақталды. Айтуларынша, алты жыл бұрын төселген асфальттың кем-кетігін кез-келген адам көре бермейді екен. 

"Жолдағы ақаулар көзге көрінбейді. Оны біз зертханалық тексеру нәтижесінде анықтадық. Ойықтар пайда болған. Сондықтан жолды дер кезінде жөндемесек, ертең шұрық тесік болады", - дейді  "Қазавтожол ҰК" АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Руслан Тәжманов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети