Ақтөбе облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысында тұрғындарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында тұрғындарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

Алматыда болған жағдайларға байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күш құрылымдары мен антитеррорлық комиссияның қатысуымен тұрғындарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары туралы жедел жиын өткізді. Жиын барысында ІІД жеке құрамы қызметін күшейтетін болды.

Сонымен қатар, мемлекеттік және стратегиялық нысандар күшейтілген күзеттің бақылауында болады. Тәртіп сақшылары мен тұрғындардың жаппай жиналған жерлерінде күзетпен қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерінің жасағы қызметін күшейтті. Сонымен қатар, қаладағы барлық қару-жарақ дүкені жабылып, полицияның бақылауында тұр.

Еске салайық, 18 шілдеде 11.00-де Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалып, бір полицей жарақат алған болатын, осыдан кейін қылмыскер автомат қаруын алып, жасырынған еді. Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болды. Ақтөбе облысында да басқа өңірлерде сияқты террорлық қауіптің сары деңгейі созылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети