Ақтөбе облысындағы ауылға кіріп жатқан барлық көлік тексерілу үстінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы ауылға кіріп жатқан барлық көлік тексерілу үстінде

Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылынан шығатын және ауылға кіретін барлық көлікті құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылынан шығатын және ауылға кіретін барлық көлікті құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, елді мекеннен шығаберісте патрульдік бекет бар, бекеттегілер барлық көлікті тексеру үстінде екен. Осыған байланысты бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Тұрғындар 1,5 сағат бойы қалаға кіре алмай тұр. Ал қаладан шығаберісте шамамен 30 көлік тұр.

Ақтөбе облысында үш лаңкесті іздеу бойынша арнайы операциялар жүріп жатыр. 2016 жылдың 5 және 6 маусым күндері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Таңатаров Арсен, Қуанышбаев Бақыт және Ақпанбаетов Әлібек іздеуде жүр. 

Ақтөбе облысының ІІД мына телефондарына хабарласу керек 8 (7132) 93-61-00, 93-61-18, 51-38-37 немесе 102. Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети