Ақтөбе облысының имамы "секс-жиһад" жөнінде өз пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының имамы "секс-жиһад" жөнінде өз пікірін айтты Әбдимутали Дәуренбеков. © Diapazon.kz

Ақтөбе облысының және "Нұр Ғасыр" мешітінің имамы Әбдимутали Дәуренбеков туыстарын тастап Сирияға кетіп жатқан әйелдер, яғни "секс-жиһад" жайында өз пікірін айтты, - деп жазады "Диапазон" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының және "Нұр Ғасыр" мешітінің имамы Әбдимутали Дәуренбеков туыстарын тастап Сирияға кетіп жатқан әйелдер, яғни "секс-жиһад" жайында өз пікірін айтты, - деп жазады "Диапазон" басылымы.

"Отбасыңды, балаларыңды тастап басқа елге кетіп қалу - надандық, - деді діни қызметкер. - Мұндай жағдай біздің аймақта, елімізде ғана емес, басқа да елдерде болуы мүмкін. Дегенмен бізге мұндай сауалмен ешкім келген емес".

"Нұр Ғасыр" мешітінің жанынан ашылған медресенің тәрбие бөлімінің директоры Қуаныш Қаламов өз кезегінде жастар мен жасөспірімдердің радикалды діни ағымдардың соңынан кетіп жатқанын мәлімдеді. "Өздеріңіз білетіндей, радикалды ағымның өкілдері сақал өсіреді, балақтарын қысқартып, намаз оқымайтындарды, өздерінің ата-аналарын кәпір деп атайды. Біздің мақсатымыз исламды басқала дінерден, ағымдардан ажырата білулері үшін жастардың діни сауаттылығын арттыру", - деді ол.

Еске сала кетейік, соңғы кезде батыстың ақпарат құралдары Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Аустралияның жас қыздары ДАИШ немесе басқа да ұйымдардың содырларына тұрмысқа шығу үшін өз едерінен кетіп жатқанын жарыса жазып жатыр. "Секс-жиһадқа" қатысты Мысыр, Тунис пен басқа елдер де дабыл қақты. 2014 жылдың желтоқсанында Иракта 150 әйел "секс-жиһадтан" бас тартқандары үшін өлім жазасына кесілген.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети