Ақтөбе теміржолындағы өрт вагондардың ақауынан шыққан болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе теміржолындағы өрт вагондардың ақауынан шыққан болуы мүмкін

Арнайы комиссияның ақпараты бойынша, Ақтөбе теміржолындағы өрт вагондардың ақауынан шыққан болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ"ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арнайы комиссияның ақпараты бойынша, Ақтөбе теміржолындағы өрт вагондардың ақауынан шыққан болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ"ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚТЖ"ҰК" акционерлің қоғамынан құрылған арнайы комиссия тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбе облысы Қандыағаш-Жем аумағында жеке адамға тиесілі №2908 жүк пойызының апаты вагондардың жарамсыздығынан болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, болжам расталса, барлық шығынды вагондардың иесі төлейді, Қазіргі уақытта жолдар қайта орнына келтірілді.

Ақпаратқа сәйкес, вагондардың өртенуінен тәулік бойы тоғыз жолаушылар пойызы кестеден кешікті.

Еске сала кетейік, жүк пойызы 30 шілдеде сағат 14.22-де Ақтөбе облысындағы Қандыағаш-Жем аумағында өртенген болатын. ТЖ орнында 43 жүк вагоны эвакуацияланды.

Өрттің ауданы - 350 шаршы метр. Өртті өшіруге 85 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау жергілікті уақыт бойынша 18.10-да ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети