Ақтөбе тұрғындары Ташкенттен келген екі келіншекке көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғындары Ташкенттен келген екі келіншекке көмектесті Сурет: aktobetimes.kz

Ақтөбе тұрғындары Мәскеуде тонап кеткен Өзбекстанның екі азаматшасына көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғындары Мәскеуде тонап кеткен Өзбекстанның екі азаматшасына көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" сайтына сілтеме жасап. 

Екі келіншектің айтуынша, бұрында олар Ташкентте тұрған. Жақсы өмір сүргісі келіп Минскіге көшіп, сол жерден Ресейдің астанасына қоныс аударуға тура келген. Мәскеуде бар ақшаларын ұрлатып, құжаттарына дейін жоғалтып, тіпті мүгедек әйелдің таяғына дейін тонап кеткен. 

"22 қыркүйекте біз Минскіде болдық, ал 26-нан бастап Мәскеуде қоныстандық. Бізді тонап кеткеннен кейін, Мәскеудегі бейімделу орталығына жүгіндік. Сол жерден бізге еріктілер тобы Ташкентке дейін жетіп алуға ақша жинап берді. Сөйтсе, ақшамыз Ақтөбеге дейін ғана жетті", - деді келіншек. 

Екі келіншектің жағдайына бей-жай қарамаған ақтөбеліктер мен еріктілер тобының арқасында оларды киіндіріп, тамақтандырып отанына қайтарды. 

"Бұл азаматшалар Ташкентте ұзақ уақыт бойы тұрды, біреуі церебральды сал ауруына шалдыққан. Мүгедектіктің 2-ші тобында. Біздің изоляторда олар үш күн тұрақтанды. Біз оларға көмектесіп, ақтөбелік еріктілер тобы ақша жинап, билет сатып алып, тамақтандырды. Бір айға дейін жетеді деп ойлаймын. Біздің міндетімізге кірмесе де, жеке өзім оларды пойызға салып жібердім. Жеткен кезде хабарласатынын айтты", деді бейімделу орталығының директоры Сапырғали Даулетов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети