Ақтөбе тұрғыны "ВКонтакте" желісі арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны "ВКонтакте" желісі арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан © techno.bigmir.net

Ақтөбе тұрғыны "ВКонтакте" желісі арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан, - деп жазады "Диапазон". Оның компьютерлік клубта әкімші болып қызмет еткені хабарланып отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны "ВКонтакте" желісі арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан, - деп жазады "Диапазон". Оның компьютерлік клубта әкімші болып қызмет еткені хабарланып отыр.

Тергеушілердің мәліметінше, ер адам терроризмді насихаттауға, ұлтаралық алауыздық жасауға бағытталған радикалдық діни ағымның ұстанушысы болған. Оның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы "Абу Ансар" нигінде жиһадқа үндеумен айналысқаны хабарланды. Ол ДАИШ лаңкестік тобының Сирия мен Ирактағы қарулы әрекеттерін мақтаған.

Ер адамның соты 11 тамызда болды. Ол терроризмді насихаттағаны үшін және ұлтаралық алауыздық пен діни алауыздық туғызғаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы бес жылға бас бостандығынан айырылды. 

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде сегіз адамға "Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" және "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" баптары бойынша жаза кесілген болатын. Олар тиісті жазасын алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети