Ақтөбеде дәрігер әйелге ескерткіш орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде дәрігер әйелге ескерткіш орнатылды Аққағаз Досжанова © e-history.kz

Ақтөбеде дәрігер әйелге ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде дәрігер әйелге ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

Ақтөбеде облысы әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен Аққағаз Досжановаға - қазақ әйелдері арасындағы тұңғыш дәрігерге ескерткіш орнату рәсімі өтті.

Ескерткіш М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің студенттер кешенінің аумағында орнатылды. Айта кетейік, онда дәрігердің ізін жалғастыратын болашақ дәрігерлер мен денсаулық сақтау ұйымдастырушылары білім алады.

Ақпараттық орталықтың мәліметінше, бүгін Аққағаз Досжанованың құрметіне Ақтөбенің бір көшесіне оның есімі берілді.

"Аққағаз Досжанова XX ғасырдағы медицинаның дамуына зор үлесін қосты. Әріптесі Гүлсім Асфендияровамен бірге қазақ әйелдеріне арналған алғашқы медбикелер курсын да ашты. Ауру, мұқтаж адамдарға көмектесетін. Жақында Медициналық қызметкерлер күнінде біз медициналық үйдің ауласында дәрігер әйелдің мүсінін орнаттық. Оның артындағы ізбасарлары оны ұмытпай, халыққа қызмет етуі керек", - деді Сапарбаев.

Аққағаз Досжанова 1892 жылы Ақтөбе облысы қазіргі Мәртүк ауданы Борт ауылында 1982 жылы дүниеге келген. Ата-анасын ерте жоғалтқанына қарамастан, білім алды. Ташкентте, Алматды және Шымкент қалаларында жұмыс істеді. Жетім балаларды емдеп, қоғамдық жұмыстармен айналысты. Айта кетейік, Аққағаз 39 жасында қайтыс болған еді.

"Мүсінді орнатқаныңызға алғыс айтамын. Сіздер мұны алғашқы болып жасадыңыздар", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Светлана Жақыпова облыс әкіміне алғыс айта отырып.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети