Ақтөбеде оқушы туберкулездің ашық түрімен ауырған: Дәрігерлер пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде оқушы туберкулездің ашық түрімен ауырған: Дәрігерлер пікір білдірді © knews.kg

Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған бала қоршаған ортаға зиянын келтірмеген. Бұл туралы Ақтөбе облысының бас фтизиатры Ерлан Тәтімов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған бала қоршаған ортаға зиянын келтірмеген. Бұл туралы Ақтөбе облысының бас фтизиатры Ерлан Тәтімов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол төртінші сынып оқушысының туберкулездің жабық түрімен ауырғанын айтты.

"Бұл жағдай қалыпты нәрсе. Балада "Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі" екені анықталды. Ол оқшауланды, қоршаған ортаға зиянын келтірмеген және келтірмейді де. Бүгінгі таңда ем алып жатыр. Бұл бірінші санат, туберкулездің жеңіл формасы. Сондықтан бұл жағдайға акцент қоюдың қажеті жоқ. Бұл мектепте кімге мантудың сынамасы салынып жатса, ол - жоспарлы манту тексерісі, жыл басында жүргізілетін балаларды тексеру шарасы", - деді Ерлан Тәтімов.

Брифингте қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан мектепте карантин жарияланбағаны айтылды. Алайда мектеп директорының орынбасары бұған дейін 3 қазаннан бастап карантин жарияланғаны туралы мәлімдеді. "Бұл мектепте карантин жарияланған жоқ. Мектептің карантин жариялайтын өкілеттігі жоқ", - деді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған баланың мектепке барып жүргені хабарланды. Мектеп директорының орынбасары 3 қазаннан бастап карантиннің жарияланғанын және оқушылардың шұғыл түрде анализ тапсырып жатқанын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети