Ақтөбеде теракт жасады деп айыпталып отырғандардың соты жабық тәртіпте өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде теракт жасады деп айыпталып отырғандардың соты жабық тәртіпте өтеді

Ақтөбеде теракт жасады деп айыпталып отырғандардың соты жабық тәртіпте өтеді, - деп хабарлайды "Ақтөбе ақпарат". Бұл туралы Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта судья Нұрлан Сұлтанов мәлімдеді. Бүгін Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты атышулы істің сот отырысы басталды.

Айта кетейік, сот отырысына 29 адам қатысады. Олардың 9-ы қылмыстық ереже бұзушылықпен қоса террористік актіге қатысқаны үшін айыпталып отыр. Ал қалған 18 қатысушыға террористік қылмыс жайлы айтпағаны үшін айып тағылса, тағы екеуі қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп айыпталды.

Айта кетейік, қылмыстық іс 201 томнан тұрады. Осы іс бойынша 215 түрлі сот-медициналық сараптама мен 26 тергеу жұмыстары жүргізілген. Облыстық прокуратурадағылардың келісіміне сәйкес, күдіктілерді қамау мерзімі 4 айға дейін созылған. Ал 7 қазанда қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілген болатын.

Сотталушылардың мүддесін 27 адвокат қорғайды. 48 адам куәгер ретінде қатысса, 88 адам зардап шеккендер ретінде сотқа шақырылады. Атышулы істі сотта қарастыру барысын хабарлап отыру үшін, журналистерге сот залынан онлайн-трансляция жүргізілетін арнайы орын бөлінді.

Еске салайық, Ақтөбедегі теракт кезінде жеті адам қаза болған. Олардың үшеуі әскерилер, төртеуі - бейбіт тұрғындар. Жарақат алғандар саны 30 шақты. Террористер қаладағы әкімшілік ғимараттар мен түрмені басып алмақ болған.

Дәстүрлі емес дін ағымының 25 өкілі "Пантера" және "Паллада" қару дүкендеріне, 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған. Ол кезде Қазақстанда алғаш рет террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети