Ақтөбеде террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді

Ақтөбеде террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Қала тұрғындарына бұл туралы SMS арқылы ескертулер келіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Қала тұрғындарына бұл туралы SMS арқылы ескертулер келіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"05.06.2016 ж. Ақтөбеде антитеррорлық операция жүргізіліп жатыр, террорлық қауіптің қызыл (шекті) деңгейі бекітілді", - делінген абоненттерге келіп жатқан SMS-хабарламаларда.

Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін. 

Еске салайық, бүгін Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети