Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының 35 ардагеріне мамырда 300 мың теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының 35 ардагеріне мамырда 300 мың теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

"Биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 120 мың теңге біржолғы төлем беріледі. Сонымен қатар сауықтыру шараларына 180 мың теңге есептелген. Барлығы 300 мың теңге болады. Қазір қалада 35 соғыс ардагері бар. Оларға коммуналдық төлем үшін ай сайын 10 мың теңге зейнетақыға қосып беріліп отыр", - деді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Гүлмира Сүлейменова.

Айта кетейік, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 60 мың теңге, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 35 мың теңгеден, тыл ардагерлеріне 12 мың теңгеден беріледі.

Мұның алдында Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 519 мың теңгеден берілетіні хабарланған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети