Ақтөбеде жолақысын картамен төлеген тұрғын 50 пайыз үнемдейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жолақысын картамен төлеген тұрғын 50 пайыз үнемдейді

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин карта көмегімен жолақыны төлеген адамға жеңілдік беру мақсатында банк өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин карта көмегімен жолақыны төлеген адамға жеңілдік беру мақсатында банк өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин өңір басшысы Оңдасын Оразалинге қоғамдық көліктегі жаңа төлем жүйесін таныстырды. Енді автобуста жолақыны төлеу үшін кез келген банк картасы жеткілікті.

"Қазір банк өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар үш айға дейін банк картасымен төлем жасаған адамдарға 50 пайыздық жеңілдік беруге дайын. Яғни жолақы 80 теңге болса, соның 40 теңгесін жолаушыға қайтарып береді. Бұны үш айға емес, алты айға дейін созуға жұмыстар атқарып жатырмыз", - деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин.

Айта кетейік, қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесі 6 бағыттағы 53 автобусқа орнатылған. Қазір тағы 2 бағытта 13 автобуста жаңа жүйе іске қосылу үстінде. 25 қыркүйекке дейін қосымша 6 бағыттағы 25 автобусқа енгізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети