Ақтөбеде жүргізуші 2 мың теңге пара бергені үшін жарты миллион айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жүргізуші 2 мың теңге пара бергені үшін жарты миллион айыппұл төлейді

Ақтөбеде жүргізуші екі мың теңге пара бергені үшін жарты миллион теңге айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі "Актобе Таймс" порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жүргізуші екі мың теңге пара бергені үшін жарты миллион теңге айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі "Актобе Таймс" порталына сілтеме жасап. 

Ақтөбе департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша, жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпаған. Ер адам айыппұлдан құтыламын деп, полиция қызметкеріне екі мың теңге пара ұсынған. Жүргізушінің бұл қылығын полицейдің видеорегистраторы жазып алған екен. Нәижесінде ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676 бабы бойынша айыппұл салынды. 

Бұл істі 3 қыркүйек күні арнайы әкімшілік сотта қарастырған. Енді жүргізуші 481 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ведомстводағылардың айтуынша, егер жүргізуші бірден кінәсін мойындаса 12 мың теңге айыппұл төлеуші еді. Егер берілген соманы 7 күн ішінде төлесе, 50 пайыз жеңілдік қарастырылады екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети