Ақтөбедегі теракт: Ауруханада екі адам қайтыс болды, төртеуі жансақтау бөлімінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теракт: Ауруханада екі адам қайтыс болды, төртеуі жансақтау бөлімінде

Ақтөбенің жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан терактіден кейін түскен науқастардың жағдайын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбенің жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан терактіден кейін түскен науқастардың жағдайын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігер ауруханада жалпы 18 науқастың болғанын айтты. Дүйсенбі күні таңғы уақытта бір лаңкес қайтыс болған, оған ота жасалған, бірақ ол ауыр жарақатынан көз жұмды. Сонымен қатар, бірінші күні лаңкестердің қолынан жарақат алған бейбіт тұрғын қайтыс болыпты. 

"Қалған он алты науқас тірі, ем қабылдап жатыр. Жаңа түскендер жоқ", - деді бас дәрігер.

"Жансақтау бөлімінде жатқан науқастар - әскери қызметкер және жол-патрульдік қызметінің қызметкері, олардың жағдайы тұрақты, ауыр, қатер жоқ. Қажетті ем жасалып жатыр, қазір ғана әңгімелестім, көңіл-күйлері жақсы. Ал жансақтау бөлімінде жатқан лаңкестің жағдайы бірқалыпты, оны күзетіп отыр. Хирургия және жарақат бөлімшелерінде жатқандардың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, бірақ қанағаттанарлық емес, толық көлемде ем алып жатыр", - деп хабарлады Рақымжан Арыстан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети