Ақтөбедегі теракт: Жарақат алған тағы бір адам Астанаға ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теракт: Жарақат алған тағы бір адам Астанаға ауыстырылды © vgorode.ua

Ақтөбедегі теракттан жарақат алған тағы бір адам Астанаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теракттан жарақат алған тағы бір адам Астанаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта ауруханада 6 адам ем алуды жалғастырып жатыр: Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық көмек ауруханасында - екі адам, Ақтөбе қаласы ІІД әскери ауруханасында - екі адам, Астана қаласы ІІД әскери ауруханасында - бір адам, ал Астана қаласының № 2 клиникалық ауруханасында - 1 адам", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін 22 жастағы Сырым Сүндетов 5 маусымдағы әскери бөлімге шабуылдан кейін Ақтөбе қаласының санитарлық авиациясынан Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургиялық орталыққа жеткізілген болатын. Кейіннен оның Астана қалалық №2 ауруханаға ауыстырылғаны хабарланған еді.

Ақтөбе қалалық Денсаулық басқармасының мәліметінше, 5-13 маусым аралығында Ақтөбе ауруханаларына 40 адам жеткізіліп, олардың төртеуі - облыстық ауруханаға, 34-і - жедел медициналық көмек ауруханасына, екеуі - теміржол ауруханасына жеткізілген. Айта кетейік, осы уақыт аралығында ауруларды қабылдау бөлмесіндегілер 17 науқасқа амбулаторлық ем алу бойынша кеңес берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети