Ақтөбедегі терактіден жарақат алған сарбаздың анасы баласының жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі терактіден жарақат алған сарбаздың анасы баласының жағдайы туралы айтып берді © Tengrinews.kz

Ақтөбедегі терактіден жарақат алған сарбаздың анасы баласының әскердегі қызметін жалғастыруына қарсы еместігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жәмила Құсайынова әскери бөлімде өтіп жатқан қазалы митингке келіп, қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі терактіден жарақат алған сарбаздың анасы баласының әскердегі қызметін жалғастыруына қарсы еместігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жәмила Құсайынова әскери бөлімде өтіп жатқан қазалы митингке келіп, қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.

"Менің ұлым Еламан Жанділда мұнда келісімшартпен үш жылдан аса уақыт қызмет етті. Қазір ол ауруханада жатыр, ол менің алты баламның ең үлкені", - деді ол.

Жәмилә Құсайынованың айтуынша, баласы өкпесіне зақым алған. "Оны ауруханадан қашан шығаратыны әлі белгісіз. Сол күні ол кезекші болған еді. Мен өзім Қызылорда облысынанмын, маған сол күні баламның жарақат алғанын айтты. Ол қазір 21-де", - деді әйел. "Мен ауруханада болдым. Ол қазір сөйлей алмайды. Оның тірі қалғанына қуанамын. Егер ол әскердегі қызметін жалғастырғысы келсе, бара берсін", - деді анасы.

Сонымен қатар, әскери бөлімде өткен қазалы митингке Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев келді.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети