Ақтөбелік тұрғын өзін прокуратура алдына шынжырлап қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік тұрғын өзін прокуратура алдына шынжырлап қойды

Ақтөбе облысының 54 жастағы тұрғыны Бақытжан Құрманов облыстық прокуратура ғимаратына келіп, металл қоршауға өзін шынжырлап қойды. Оқиға 8 шілдеде болған, - деп жазады "Диапазон".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының 54 жастағы тұрғыны Бақытжан Құрманов облыстық прокуратура ғимаратына келіп, металл қоршауға өзін шынжырлап қойды. Оқиға 8 шілдеде болған, - деп жазады "Диапазон".

Ер адам прокурормен кездесуді талап еткен. Алайда прокурордың орнына оған полицейлер келіп, ұстау шарасын жүргізген. Оның әрекетін құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талабына мойынсынбау деп бағалаған. 

"Ақтөбе мамандандырылған сотының қаулысымен азамат Құрманов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған үш күнге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз хатшысы Анар Айтжанова. 

Құрманов бұл әрекетімен Хромтау ауданындағы Қопа ауылындағы жер жарналары ісіндегі соттың шешіміне келіспейтінін айтқысы келген. Ер адам жергілікті "АкТеп" серіктестігімен жер үшін соттасқан, биліктің назарын аудару үшін аштық та жариялапты. 2014 жылы бір жанжалдан кейін ер адам 10 күнге әкімшілік қамауға алынған. Сол жылдың 18 тамызында Хромтаудағы прокуратура ғимаратының маңында тамырын кескен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети