Ақтөбеліктер лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеліктер лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды Сурет Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Ақтөбеде 5 маусымда сейсенбі күні 66/55 әскери бөлімінде 2016 жылдың дәл осы күні ланкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 5 маусымда сейсенбі күні 66/55 әскери бөлімінде 2016 жылдың дәл осы күні ланкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы оқиғадан қаза тапқандарды еске алу шарасына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты. Сонымен қатар, жиында құқық қорғау және қауіпсіздік орган басшылары болды. Аймақ басшысы ланкестік шабуылдан қаза тапқан жандардың құрметіне гүл шоқтарын қойып, есімдері мәңгі ел есінде қалатынын жеткізді.

"Бейбіт күні қылмыскерлердің қолынан полиция, әскери қызметкерлермен бірге тұрғындар да қаза тапты. Қылмыскерлердің арамза ойларын орындауға құқық қорғау органдарының жедел шаралары мүмкіндік берген жоқ. Халықтың тыныштығын қорғау жолында 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары Майор Даниель Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапардың қазалары орны толмас өкініш. Аталған азаматтардың жанкештілікпен жасаған әрекеттері лайықты бағасын алып, тәуелсіз Қазақстанның ерліктер жылнамасында жазылып қалды. Бұл оқиға барлығымыз үшін үлкен сабақ болып, қоғамға енген дертпен тек мемлекеттік органдар ғана емес, жалпы қоғам болып күресуіміз қажет", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети