Ақтоты Райымқұлова ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтоты Райымқұлова ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды © mks.gov.kz

Ақтоты Райымқұлова ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтоты Райымқұлова ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция және фортепиано мамандықтары бойынша түлегі. Көптеген музыкалық туындылардың авторы, олардың ішінде "Ел бақыты", "Apple of Peace", "Көкжал қантатысы", "Толғау", "Дала сыры" және "Жәмиля", симфониялық поэмаларының, "Аспан көші" екі актілі балеті, "Алатау" пьесасы, "Сонғы сезім", "Тұзды шөл", "Абай", "Еңлік-Кебек", "Абылайхан", "Адам баласы Қайын", "Естайдың Қорланы", "Гамлет", "Қорқыттын көрі", 'Сыған серенадасы" секілді спектакльдерге музыкалық туындылардың, фильмдер мен сериалдарға саундтректердің авторы.

Түрлі жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейтері және оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогигалық институтының оқытушысы болып қызмет етті. ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет істері комитетінің төрайымы болды. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры қызметін атқарды.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети